Менің сүйікті киноактерім — Джейсон Стейтэм. Джейсон қырық бес жастағы ағылшындық киножұлдыз. Кинофильмдердің ішінен мүйікті жанрым боевик болғандықтан, Джейсонның кинофильмдерін көп кезіктірем.Джейсон жас кезінде жүзумен кәсіби түрде айналысып, сайыстарға да қатысқан. Ол салауатты өмір салтын сақтайды. Джейсонның кинофильмдердегі ұрыс тәсілі әсіресе ұнайды.
Джэйсон мен үшін талантты, ешқашан қартаймайтын, лайықты елітеу үлгісі.
Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді.
Наурыз тойында қазақ халқының ұлттық тағамы Наурыз көже дайындалады. Ол көже жеті түрлі қоспалар мен дәндерден тұрады. Наурыз көжені міндетті түрде таусып жеу қажет, сол кезде келе жатқан жаңа жыл бақыт пен шаттық әкеледі деп қазақ халқы ырымдап ішеді.
Біз, адамдар көбіне «Бақыттымын» деп айтпаймыз. Сол сәт біздің бақытты шағымыз екенiн де біле бермейміз. Уақыт өте келе барып, сол күндердің бақытты шақ екенін байқаймыз. Көңілімізге сәл қаяу түссе, өзімізді бақытсыз сезінеміз, өз өміріміздегі, жеке басымыздағы шешімі табылмай жүрген маселелерді ғана ойлап, абыржу хәлін тудырамыз. Осы тұста жиырмасыншы ғасырдың көрнекті жазушысы, психолог Дейл Карнегидің афоризміне тоқталсақ: «Өзімізді бақытсыз деп сезінуіміздің себебi, басымыздағы бақытымызды тіршілікпен алысып жүріп, байқамауымызда». Бақыт - атақ та емес, мансап та емес. Байлық, әр жанның түсінігінше әрқалай. Мысалы, ата-ана үшiн - баласының амандығы, мүгедектер үшін - денсаулық амандығы, зағиптар үшін - әлемнің жарығын бip көру. Ал, мен ушін бақыт - ата-анамның және бауырларымның амандығы, үміттерін ақтап, оқуымды аяқтап, өз бетіммен жұмыс жасап, еңбегімнің жемісін ата-анама таттыру. Міне, осының өзі мен үшін бip бақыт болып саналады. Сондыттан, Д. Корнегидің мына сөзін ұмытпағанымыз абзал: «Бақыт тапқыңыз келсе, өзгелердің сізді мойындауы туралы ойламаңыз. Қуанышты өз ішіңізден табуға тырысыңыз. Өз-өзіңізбен бақытты болыңыз