1873 жылы ен алгашкы телидидар пайда болды. ол кезде теледидар ар бир
уйде болмайтын. казиргы кезде теледидар ар бир уйде бар. теледидардын
пайдасыда бар бирак зияныда бар. пайдасы: быз теледидардан сонгы
жаналыктарды, кызыкты багдарламалар коре аламыз. Зияны: телидидарды коп
коруге болмайды, ойткены ол козге зиян. телидидарды кемынде 3сагат
карауга болат. телидидардын касында, алдында отыруга болмайды. мониторды
устауга болмайды ток тиып кету мумкын. солайда телефон, компбютер
алдында коп отурыга болмайды. оз денсаулыгыныз ушин.
Қазақ халқының салтында үлкенді сыйлау әдептіліктің бір үлгісі болып табылады. Ата-ананы сыйлау, оларды қадірлеу, ізет көрсету адамның ең қастерлі қасиеттерінің бірі. Кіші үлкенді сыйласа, үлкендер де өз тарапынан оған лайық ықылас білдірген. Содан барып үлкен мен кіші арасында жарасымды қарым-қатынас орнаған. Ол әдетке айналып әдептілік ережелерін тудырған. Үлкендер отырған жерде сөз жарыстырмай, ізет көрсете білу, көңілге қарай сөз айту, қажет кезде өзіңді ұстай білу халық дәстүрінде қалыптасқан қасиеттер.
Әдептілік адам бойында бірден қалыптаспайды. Ол - біршама жылдардың, қоршаған ортаның, жақсы тәрбиенің жемісі. Ата-ана өз балалары үшін тәртіптілік пен сыпайылықтың, жарасымдылықтың, қамқорлықтың үлгісі, отбасындағы тәрбие құдіреті осында.
Адамдар арасындағы қарым-қатынас әдептілікке негізделсе, жан-жағына жылуын шашады, әдепсіз болса қапаландырады.
Талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік есігін айқара ашты. Еліміздің арыстары талай жылдар тар жол тайғақ кеше жүріп, еліміздің болашағы, келер ұрпақтың бақытты ғұмыры үшін аянбай күресіп, табандылық пен асқан қайсарлық, шыдамдылық пен беріктік танытты. Мұның бәрі ел азаматтарының ұлт үшін жасаған ерен ерлігінің арқасы деп білемін.Еліміздің көк байрағы желбірегеннен бері ата-баба дәстүрі көш түзеп, халқымыз еңсесін көтеріп, жарқын болашаққа қол созды. Атап айтқанда, бүгінгі күні Қазақстан Республикасы дамыған, көп елдерге танымал ел. Қайсар төзім мен келешекке деген пәк сезімнің арқасында бүгінде біздің төбемізде қыран құс қанатын кеңге жайып, бақытты күннің шұғыласына бөлеуде.Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды «Мәңгілік ел» деп атады. Бұл Қазақстанның экономикасы өрлеп, дамыған ел қатарына қосылатындығын дәлелдейді. Тіпті, Қазақстан атауын «Қазақ елі» деп өзгерту керектігі туралы пікірге келуі — еліміздің тәуелсіз, еркін ел екендігінің нышаны.Мәңгілік елдің тірегі жастар екенін Мағжан Жұмабаев атамыз «Жастарға» деген өлеңінде:Арыстандай айбатты,Жолбарыстай қайратты –Қырандай күшті қанатты.<span>Мен жастарға сенемін! – деп болашақ ұрпаққа үлкен сенім артқан. Иә, бүгін біз еркінбіз. Еркін елдің болашақ тірегіміз. Аяулы ата-бабаларымыз қол жеткізген Тәуелсіздіктің әрбір арайлап атқан таңы біз үшін бақыт, әрбір мерекесі – ұмытылмас ұлы күн.</span>
мен қалың күртеше киемін бүгін