1+100:10=11
100(10 в квадрате) : 10 = 10
1 + 10 = 11
соқырға таяқ ұстатқандай-анық.
құрмысқадай қаптады- көп(өте көп деген мағынағой)
жүз көріспеу- ұзақ уакыттан бері кездеспеу.
езу тарту- күлу(жымию)
тайға таңба басқандай- анық
Мен жұмыс күнімді сипаттап берсем деймін. Барлық күндер бір-біріне ұқсас. Әдетте мен жай күндері сағат жетіде тұрамын. Жаттығу жасаймын. Содан кейін жуынып, тісімді тазалаймын. Сағат жеті жарымда мен таңғы асымды ішемін. Мен жеңіл асты ұнатамын. Таңғы астан кейін мектепке барамын. Менің мектебім үйіме жақын. Мектепке баратын жол 10 минутты қажет етеді. Сабақ сағат 8-30 да басталып, 15-00ге қарай бітеді. Күнделікті сабақ кестесі- күніне 6 немесе 7 сабақ. Аптасына екі рет мен баскетбол ойнау үшін мектепте сабақтан кейін қаламын.Үйге келгеннен кейін түскі асымды ішемін. Кейін кішкене демаламын. Кейде мен кітап оқимын, достарыммен телефон арқылы сөйлесемін. Бұдан кейін мен сабақ істеуге кірісемін. Аптасына екі рет математикамен білімімді арттыру үшін айналысамын. Әдеттегідей, сабағымды сағат тоғызға қарай бітіремін. Бірақ аптадағы бір күнім ғана жүктелмеген. Бұл- бейсенбі. Әншейінде бейсенбі күні анама қол ұшымды беремін. Кейде мен керек заттарды сатып аламын немесе химиялық жолмен тазартудан киімдерді алып кетемін. Сағат жетіде кешкі асты ішемін. Сосын сабағымды оқуды жалғастырамын. Сағат онда ұйқыға кетемін.
Перне такта .тышкан .экран.диск.
Адырна - қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан көп ішекті музыка аспабының бірі. Ежелгі заманда бұл аспапты аңшылар ұстаған. Садақ атып, жебе тартып, аң- құстарды аулаған. Әуелде адырна садақ пішінді болды. Кейін бұл аспапты бұғы, марал, арқар тұрпатты аңдардың тұлғасына ұқсастырып жасады. Әуелі ағаштан құрап шанақ, мүйіз жасалынып, шанақтың асты- үсті терімен қапталады.Мүйізге жағалай құлақтар бекітіліп, ішіктер байланады. Сөйтіп, аспапты екі тізенің үстіне қойып, оң қол, сол қол саусақтарымен іліп тартып ойнайды.
Аса таяқ - сілку арқылы үн шығаратын көне музыкалық аспап. Ұзындығы 110- 130 см. Тұтас ағаштан арнайы қалыпта жасалады. Басы күрек тектес. Бас жағына түрлі темір сақиналардан сылдырмақтар тағылып, өрнектермен әшекейленеді. Аса таяқ өзіндік үнімен ерекшеленеді. Аспапты ырғап, шайқап ойнайды. Аса таяқ аспабын ертеде көбінесе бақсылар қолданған. Қазіргі кезде көне үлгілері қайта жасалынып, ұрмалы музыкалық аспаптар тобына қосылады.
Домбыра - қазақ халқының арасына өте ерте және кең тараған, ғасырлар сырын сақтаған қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспаптың бірі. Өзіне тән ерекшелігі бар, ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады. Домбыра әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып, немесе құрап жасалады. Мойнына он тоғыздан жиырма екі санына дейін пернелер байланады. Арнайы құлақ күйге келтіріледі.Домбыраның екі ішектісінен басқада үш ішекті, қос жақты, кең шанақты, қуыс мойын, шіңкілдек деп аталатын түрлері бар. Даусы майда, қоңыр, құлаққа жағымды.
Дауылпаз - ұрып ойналатын музыкалық көне аспаптың бірі. Халық тұрмысында кеңінен қолданылған. Әсіресе, бұрынғы кезде, жаугершілікте дабыл қағып, белгі беру үшін пайдаланған. Аспаптың жасалу құрылысы анағұрлым күрделі. Ол тұтас ағаштан ойылып жасалады. Бет шанағы терімен, қапталады. Иыққа асып алып алу үшін қайыстан арнайы аспалы бау бекітіледі. Дауылпаз ағаш тоқпақпен ұру арқылы дыбысталады. Қазіргі кезде дауылпаз аспабы көптеген фольклорлық ансамбльдерде кеңінен қолданылып жүр. Дауылпаз тектес аспаптар әр түрлі атпен басқа халықтарда да кездеседі. Айталық, өзбек халқында - «Тәбльбасс», Қырғызда « Доолбас» деп аталады.