Ана жайлы ойыңды, айтып тауса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген
махаббаты шексіз. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін
алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді.
Ана!
Ана! Ана! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш
қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында ұшан теңіз ой жатыр. Ана —
әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз.
Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр
алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан
шығатын ең алғаш сөзі де – «ана». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай,
бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал
жанды адам, бұл – ана. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын
қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін
салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын
әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген.
«Анаңды меккеге
үш арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың» деген дана қазақ халқы.
Шынында да, осыншама қиналып, көз жасын төге жүріп, бізді өсірген анаңа
қолыңнан келгеніңнің бәрін істесең де, оның бәрі анаңның түн ұйқысын
төрт бөлген бір күніндей ғана. Өз парызыңды өтеу, бұл – ана алдындағы
парызды өтеу.Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң
да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау – сенің өмір бойындағы
борышың. Қай адам қолынан келген сый – құрметін жасамады десеңші,
шіркін! Бірақ соның бәрі анаңның бір ауыз жылы сөзіне де жетпейді.
Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында. Ана бір
қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді.
Қорыта
айтқанда, барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың
шашына ақ түсірмей, тек осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек.
Себебі ең бақытты адам – анасы бар адам. Жер бетіне жақсылық нұрын
себетін аналарымыз аман болсын!
Автобуста әженің сөмкесі ауыр екен мен оған көмектестім.Ол маған батасын берді
Ответ:
Туған ауылым
Менің ауылымның табиғаты көркем, тамаша, керемет!
Мен ауылым туралы айтып жырлығым да, әндеткім де келеді. Мен - Қуанышбек Құндыз, 2 - класс оқушысымын. Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Комсомол селосында дүниеге келдім. Кішкентай кезімнен осы ауылымның таза ауасымен, хош иісі аңқыған гүлдердің иісімен, ауылымның ыстық түтінімен демалып келемін. Әр адамның өз ортасы, өз ауылы ыстық қой?! Менің ауылымда көптеген ғимараттар, мәдениет үйі, мешіт, мұражай, балабақшалар, супермаркеттер, теміржол вокзалы, тіптен саябақта бар. Қалаға автобустар қатынайды. Кейде бос уақытымда саябаққа барып, кітапханадан алған кітаптарымды оқып отырамын. Үйде отырғанымда пойыздың пышпа - пышпа деген дауысы да естіледі. Ауылымның адамдары пойызбен Астана., Қостанай қалаларына барады. Вокзолымыз әдемі салынған. Ауыл мағында Ырғыз өзені ағып жатыр. Жаз кезінде жазғы демалыс алдында апайымыз Жадыра Файзоллакызымен саяхаттап табиғатқа шығамыз. Түрлі ойындар ойнап, табиғатты бірге тамашалаймыз. Өзеннен шоршып секіріп жүрген балықтарды көріп қуанамыз. Менің ауылымда достарым да көп. Олармен татумын. Ауылымның кешкі таьиғаты мүлдем өзгеше. Алыстан шаңдарын көтеріп малдар өрістен келеді. Барлығы төлдеріне сүттерін толтырып ала келеді. Бұл көріністі анамыздың бізге дүкеннен тәттілерді әкелгеніне ұқсайды. Өзге ауылға қыдырып бара қалсам, туған аылымды сағынамын. Тез елге қайтқанша асығамын. "Туған дердей жер болмас, Туған елдей ел болмас."- деп, аталарымыз бекер айтпаған екен ғой. Сондықтан достар, мен үнемі туған елім, жерім, ауылым туралы жырлауға еш ерінбеймін. Сіздерді де осыған шақырамын. Өскенде өз ауылымның көркеюіне өз үлесімді қосамын. "Ауылымның гүлденгені - Қазақ елінің гүлденгені "- деп ойлаймын.
Объяснение:
Назым акылды корыкты ай десе аузы кун десе козы бар кыз куртка да тож солай
Атам мен әжем қазақ тілінде сөйлеседі. Нағашым орысша сөйлейді.