Ответ:
Менің досым (септеулік шылаулармен).
Дос адам жанының айнасы <u>тәрізді.</u> Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай өзі <u>сияқты </u>жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман - тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді.
Менің ең жақын досымның есімі – Аружан. Екеуміз ата – аналарымыз <u>арқылы</u> танысқан болатынбыз – біздің аналарымыз мектептен <u>бері </u>жақын құрбылар. Енді міне, сол достықтары бүгінгі күнге <u>шейін </u>ұласып, өз балаларында жалғасын тапты. Біздің достығымыздың өзі он жылға <u>жуық</u> жалғасып келеді, Аружан екеуміз осы уақытқа <u>дейін</u> еш ренжісіп көрмеппіз, себебі менің құрбымның мінезі сабырлы, байсалды, бәрін ақылмен шешуге тырысады, ашуға жол бермейді. Бірақ бір ренжіген <u>соң</u> қатты ренжиді. Сондықтан мен оның көңілін қалдырмауға тырысамын.
"Дос тұтқанды қадірле" демекші, мен өз досымды бағалаймын, екеуміздің достығымызды мақтан тұтамын.
Аружан - оқу озаты <u>әрі</u> мектепте үлгілі, сыпайы оқушы.
Үйінде бауырларына қамқор, ата - анасына көмекші.
Өмірде осындай, Аружан <u>сияқты</u> досым бар мен бақыттымын. Өмірде дос таңдаудан жаңылмадым деп есептеймін. Достығымыз мәңгілік болып, біздің балаларымыз да өзіміз <u>секілді</u> жақын дос болсын деп тілеймін!