Маусым жарлығы – “Июнь жарлығы” – Ресей патшасы Николай ІІ-нің 1916 жылы 25 маусымдағы “Бұратана” халықтардың өкілдерін тылдағы жұмысқа алу жөніндегі жарлығы.
Жарлық Қазақстанның , Орта Азияның, ішінара Сібірдің 19 бен 43 жастың аралығындағы ер азаматтарын тыл жұмыстарына (қорғаныс құрылыстарын және әскери қатынас жолдарын салу, майдан өңірі маңайында жолдар салу, т.б.) “реквизициялауды” (“жұмылдыру”, “әскерге шақыру” емес) жоспарлады. Бейнебір малды реквизициялау (өткізу, жеке адамның мүлкін күшпен алу) туралы болып отырған сияқты “реквизиция” сөзі қолданылды. Бас штабтың салғырт салығы бойынша тыл жұмыстарына Қазақстаннан , Орта Азиядан 400 мың адам, оның ішінде қазақтар мекендеген барлық облыстардан 240 мыңға жуық адам алу жоспарланды. Бірінші кезеңде 19 – 31 жас, екінші кезеңде 32 – 43 жас аралығындағы азаматтар алынбақшы болды. Олардың тізімін жасау жергілікті болыс басшыларына жүктелді. Патша өкіметінің жергілікті әкімшілік орындары істі жеделдету үшін болыс, старшын және “құрметті ақсақалдармен” жиналыстар өткізіп, “Маусым жарлығын” бұлжытпай тез орындау керек деген шешім қабылдады. Бұл жергілікті жерде патша өкіметіне қарсы халық наразылығының күрт күшеюіне алып келді. Халық наразылығы күннен-күнге өріс алып, Қазақстандағы он алтыншы жылғы көтеріліске ұласты.
Уважать старших- традиция казахского народа. Уважение старших начинается с уважения отца и матери. Мальчик и девочка который не уважаеть свою семью, своих родителей не может уважать других людей. Родители детям дарит жизнь, воспитывает, дает знание. Ему оказывает доверие, когда встанет взрослым станет опорой семьи. Взрослевшие дети если смогут заботится о родителях значит он джигит. Когда родители стареют, от них уходит сила. Но, их ум, жизненная практика помогает семье. Решению в каждом сложном деле находит родители. Для этого надо всегда посоветоваться и слушать их мнения. У молодежь уважающих своих родителей потом их дети тоже будут повторять того. Долг каждого ребенка не только научиться хорошему от родителей еще нужно их воспитание привить к себе.
Адамға тән қасиет – болашақты болжау, армандау. Адамның мақсаты болмаса ештемені де тындыра алмайды. Болашақты армандай білу де ұлы даналық, себебі арман өмірге қызықтырады, оны сұлуландырады, өмірді алға ғарыштатады, өрге тартады. Арман адамның жарық жұлдызы, айқын бағдары, онсыз алға басу да, тірлік те жоқ. Олай болса, алға ұмтылу — өмірдің мақсаты. Мұндай сапа адамға жаратылысынан тән. Құл – бас бостандығын, шаруа не болса да ерікті болсам, жұмсышы — өндіріс құралының иесі, байлардай болсам, экономикалық әлеуметтік теңдік орнаса деп армандады. Қоғамның алдыңғы қатарлы ақыл-ой иелері өздерінің шама шарқынша адам баласының арманының армандалу жолдарын іздеді, теориялық болжамдар жасады. К. Маркс, Ф. Энгельс капитализмді әділетсіз қоғам деп есептеп болашақтың (социализм-коммунизм) орнатудың бағдарламасын жасады. Жұмысшы табын, бүкіл халықты капитализмді күйретуге шақырды. В.И Ленин бағдарламаны іске асырды. Бір елде патша режимі құлады, пролетариат диктатурасы орнады. Экономикалық, саяси әлеуметтік, рухани, құқықтық әділеттілік, теңдік орнады деп жарияланды, сол идея, мақсат, арман, қиял іске аспады. Одақ тарады, оның құрамындағы елдер тәуелсіздігін жариялады. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін жариялағаннан бері оны дүние жүзінің жүзден астам елі таныды. Қазақстан Республикасы аса беделді халықаралық ұйымдарға, оның ішінде Біріккен Ұлттар ұйымына қабылданды, мүше болды. Адам баласының арманына, мақсатына жететін жол, тәсіл бар ма? Болса неден туындайды? Дүние жүзінде жүздеген елдер бар, оларда 65 мимллиардтай халық тұрады. Басым көпшілігінің экономикалық — әлеуметтік өмірі әлі де нашар. Олар да болашақты аңсайды, армандайды. Дүние жүзі бірлікте, сонымен қатар өзара қарама-қайшылық та жетерлік. Ең бастысы – соғыс қаупі Сондықтан дүние жүзі халқы әсіресе әр түрлі соғыстардың құрбаны болған елдердің халқы, бейбітшілікті аңсайды. Олай болса, дүние жүзі халқының мүддесі ортақ екен. Д.И. Менделеев: «Адам қоғамдық, мемлекеттік ортақ мүдделерімен бүкіл адамзатқа неғұрлым пайда келтірген сайын, соғұрлым кемелдене түседі», — деген. Бүкіл дүние жүзі халқына қорқыныштысы – ядролық соғыс, себебі ол адам баласы жасаған материалдық және рухани байлықтың, тіршіліктің күл-талқанын шығаруы мүмкін. Ядролық құралдар бір емес, бірнеше елдерде бар. XXI ғасырдың орта шенінде-ақ дүние жүзінің халқы 2-3 есе өсуі мүмкін. Оларды тамақпен қамтамассыз ету табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды қажет етіп отыр. Урбандалудың нәтижесінде халық қалаларға жинақталуда. Халықты ауыз сумен, тамақпен қамтамассыз ету де ірі мәселенің бірі. Қазіргі уақыттағы адам және техника күші халықты тамақпен, киіммен қамтамассыз ете алмайды. Халықтың қалаға жинақталуы, зауыт, фабрикалардың, басқа да кешендердің қалдықтары, машиналардың газы, түрлі қоқыстардың көбеюі қоршаған ортаны бүлдіруде. Бірнеше мыңдаған адамдар ядролық қаруды сынаудың құрбаны болды. Осылардың, басқа да тиімсіз жұмыстардың салдарынан дүние жүзі елдерінде экологиялық дағдарыс туды. XX ғасырдың алғашқы жылдарынан бастап дүние жүзі екі жүйеге бөлінді, олар ұзақ уақыт бір-біріне қарсы тұрды. Бір елдің, жүйенің ғылыми-техникалық, экономикалық, технологиялық жетістігі екінші елдің, жүйенің, халқының үлесіне айнала алмады. Дүние жүзі халқының бұдан шеккен зиянының көлемін ешбір машинамен есептеп шығару мүмкін емес. Бұрынғы КСРО құрамындағы республикалардың, бірі шикізатты шығарушы, екіншісі өңдеуші болды. Одақ тарады, ал экономикалық байланыс жойылды. Соның салдарынан экономикалық дағдарыс пайда болды. Оның зиянына мән бермей, социализмді аңсаушылар әлі де баршылық. Осы дүние жүзі елдеріндегі дағдарыстар ғаламдық проблемаға айналды. Оның әрқайсысын бір немесе бірнеше елдердің күшімен шешу мүмкін емес, олар ең дамыған-ақ елдер болсын. Ғаламдық проблемаларды дүние жүзі елдері бірігіп қана шешуі мүмкін. Бір елдің, аймақтың жетістігі дүние жүзі халқының да үлесі болуын өмір талап етіп отыр. Адам дүниенің қазығы, ең жоғарғы құндылық. Әрбір адам денінің саулығын, ұзақ өмір сүруді армандайды, тілейді. Бірақ біреу қасіретке ерте, ал біреу кеш ұшырайды. Ауырса емделіп, жазылғысы, тойып тамақ ішіп, әдемі киінгісі, жақсы өмір сүргісі, өз қабілетін, ашқан жаңалығын бүкіл адам баласының игілігіне жаратқысы келеді. Болашақтың даңғыл жолы бүгін жасалады. Олай болса, сол болашақ неге байланысты? Бірінші мәселе дүние жүзі халқының саяси мәдениеті мен санасында жатыр. Әрбір адам әсіресе саясат пен билікті басқарушылар дүние жүзі халқының мүддесі мен мақсатын, арманын түсінуі қажет, ондай түсінік қалыптасуда. Қазақстан тәуелсіз ел болып жарияланды. Оны әлем елдері тануы, мойындауы қажет. Бұл салада Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтың басқаруымен жүргізіліп жатқан сыртқы және ішкі саясат соған бағытталған.