Оно:? Зерттеп келеген оқушылар Мағжан Жұмабаев жайлы айтады. Сосын мұғалім толықтырады.
М. Жұмабаев 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданында әулетті отбасында дүниеге келген. Әкесі Бекен болыс болған кісі. Мағжан өзінің зеректігі арқасында 4 жасында әкесінің мектебінде оқып, қазақтың өлең, жыр, дастандарын, ертегілерін түгелге дерлік жаттап алады.
Білімге құштар ол Уфадағы Ғалия медресесінде оқиды. Қаршадайынан орысша оқып, орыс әдебиетінің озық үлгілерімен танысады. Араб, парсы, орыс, түрік тілдерін жақсы меңгереді. Абай поэзиясын мектеп етеді.
С. Мұқанов: Ақындық жағынан келгенде Мағжан, әрине, қазақтың талантты ақындарының бірі. Қазақ тілін байытуда, әдебиетіне жаңа түрлер енгізуде Мағжанның еңбегі көп. Абайдан кейін тіл өнегесінде Мағжаннан асқан ақын қазақта жоқ.
Ж. Аймауытов: « Мағжан – алдымен сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей «тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетіндей» үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында жоқ. Мағжан не жазса да, сырлы, көркем, сәндә жазады. Қай өлеңді алсақ та, ақынның ойлағаны, сезгені, жүрегінің қайғыруы, жан дүниесінің күйзелуі, көңілінің кірбеңі көрініп тұрады. Ақын өлеңін оқысаң, еріксіз бір сезім туғызадыв. Әлде мұңайтады, әлде өкіндіреді, әлде қуантады, әлде жігер береді» деген.