Жүректің соғуы, теңіз суының көтерілуі мен қайтуы, күннің шығуы мен батуы, жыл мезгілдерінің алмасуы, т.б. Осылардың бәрі белгілі бір уақыт аралығында үздіксіз қайталанып отырады. Күн мен түннің алмасуын, Күн мен Айдың қозғалысын бақылай отырып, адам баласы жылды айларға, айды күндерге, ал күнді бұдан анағұрлым қысқа уақыт бөліктері сағаттарға бөле бастаған.
Күн сағаты Бұрын уақытты күннің көмегімен анықтаған. Мұндай сағат – күн сағаты деп аталады. Сағат тілінің орнына таяқша пайдаланады. Таяқшаны айнала шеңбер сызылады. Шеңберді 12 сағатқа бөледі. Бірақ мұндай сағаттар бұлтты күндері немесе түнде уақыт көрсете алмайды. Сондықтан да адамдар уақыт анықтаудың басқа жолдарын қарастыра бастаған. Сөйтіп су сағаты ойлап табылған.
Как только закончился рабочий день, мы начали собираться
Жақында мен отбасымен бірге табиғат аясына серуенге шықтым. Саяхатта аспанмен тасласқан таулар қарағайлы орманмен қапталған екен. Тау басынан сылдырлаған өзен ағуда. Бұл өзеннің суы- шипалы, емдік қасиеттерге толы. Сары далада жасыл желек шөп самал желмен бірге тербеледі. Осы сәтте, жазық даланың әсемдігін және табиғат мүсіншінің құдіреттілігін түсіндім.
словарь:
серуен- прогулка
қапталған- покрытый
емдік- лечебный
қасиет- свойства
әсемдік-изящество
құдіріттілік- величие
Маған саяхаттау туралы кітаптар қызық көрінеді.
Қазақ елі, қазақ жері бір сүйем жерін жауға бермей қорғау жолында төгілген ыстық қаны....Ех... замана көші үдіре алға тартып уақыт ағысы өз салған сара жолымен жылжып келеді.Тарпаң тағдыр тырнағына ілігіп саясаттың сүркей дауылы соққанда саялы бәйтерек бұтағын паналаған жас балапандай қонақжай халқыммен бір үзім нанды бөліп жегені тарихтан белгілі. Cол кең пейіл 130-дан астам тілі, діні, ұлты басқа жат елден жаутаңдап келген жандарды құшағына сыйғызды. Қазақ ұлты елдің қара шаңырағы берекенің ұйтқысы, бірліктің қайнар бұлағы десек басқа ұлт өкілдері де жұмыла көтерген жүк жеңіл деп қара щаңырақ басына қара бұлт үйірілсе өз кеудесін оққа да, отқа да қарсы тосарына сенімім кәміл. «Абай атамыз айтқандай атаңның баласы бол ма?» Адамның баласы бол өзгеге жасаған мысқалдай жақсылығың алдыңнан таудай болып шығып жатса құба құп. Жер бетіндегі аранын аждаһадай ашқан алаяқтықпен көрсе қызар дүние қоңыздық жаратқан ием сыйға тартқан өзіне тиесілі емес байлықты құлқыны тояттағанша қылғытып жұтуға әуес. Көпе көрнеу жағаңа жармасып іргеңді қазбасада, іштен шыққан жау жаман деп қызылға түскен түз тағысындай екпінмен алауыздық туғызуға тырысып бағады... Бірақ мұндай жат пиғыл менің табаным тип тұрған Алаш жұртының құт мекені Алтай мен Атырау арасындғы алтын топырақта өмір сүріп жатқан ешбір тұлғаның санасында жоқ. Өйткені біз алтау ала болса ауыздағы кететінін төртеу түгел болса төбедегі келетінін білеміз.... Бейбіт аспанында көк байрағы желбіреп бесіктегі күнәсіз сәбидің ұйқысы бұзылмай тәуесіздігіміз тұғырлы, татулықтың тамыры тереңге жайылып халық жүрегінен орын алып ұжданды ұл, инабатты қыз өсіріп Қазақстан Республикасының болашақ ұлтқа тұтқа болар ұландарын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсіре береміз еліміз аман жұртымыз тыныш болсын!