Бөлме гүлдерінің ұзақ уақыт «ауырмай», жайқалып тұруының сыры неде деп ойлайсыз? Махаббатта. Гүлдермен де тірі жанмен сөйлескендей сөйлесіп, өз ілтипатыңды білдіріп, баптап, күтіп, махаббатпен қарап, еркелетіп тұру қажет, олар да өздерінше қуана да, мұңая да алады екен. Және жақсылап баптауға тырысыңыз.
Бөлме гүлдерін күтудегі бірнеше кеңестерге назар аударыңыз.
Жарық. Гүлдер тікелей жарық түскенді «жақтыра бермейді».
Жел өті. Гүлдер жел өтінде (сквозняк) тұрып қалмауы керек. Жылы дымқыл топырақ пен суық жел гүл тамырын тез шірітіп жібереді.
Жайлы орын. Гүл егілген құмыраны теледидардың, музыкалық орталықтың және сол сияқтылардың жанына қоймауға тырысыңыз, вибрацияның да гүлге кері әсері бар.
Жылу әсері. Егер пәтеріңізде жылу еден астымен жүргізілген болса, арнайы гүл құмыраларын қоюға арналған демеуіштерді (подставка) қолданыңыз. Гүлдерді жылу жүргізілген батарейкадан да алысырақ ұстағаныңыз жөн.
Белгі. Құмыраңыздың күнге қараған бетіне белгі қойып қойыңыз. Өйткені, гүлді көп айналдыру оның жайқалуына кері әсерін тигізеді.
Тыңайтқыш. Тыңайтқыштарды уақтылы сеуіп отырыңыз және гүліңізге арнайы сай келетін тыңайтқышты пайдаланыңыз. Ол үшін гүл өсіруші мамандардың көмегіне сүйеніңіз не тыңайтқыш салынған қорап сыртындағы нұсқаулықпен танысыңыз.
Салмақ. Жапырағы үлкен бөлме гүлдерін төменге, еден үстіне қоюға тырысыңыз. Салмағын көтере алмай, морт кетуі мүмкін.
Суару. Гүлді таңертең суарып отырыңыз, бұл – қолайлы уақыт. Әрине сатушының кеңесіне де құлақ асқаныңыз жөн.
Ауру. Гүлдердің жапырағы бірден қурап, сынғыш келсе, ауруға шалдыққаны. Ол жағдайда мамандардың көмегіне сүйеніңіз.
Еңселі Елорда, асқақтаған Астана еркелеп аққан Есілдің жағалауында орналасқан. Бүгінде әсем қала Астанамыз жылдан жылға көркейіп өсіп келеді. Биыл қазақ жұрты осы әсем қаламыздың құрылғанына 17 жыл толған мерейлі тойына қызу дайындалып жатыр.<span> Осыдан 17 жыл бұрын ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1997 жылғы қазандағы Жарлығымен Ақмола қаласы 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Қазақстанның астанасы болып жарияланған. Ал 1998 жылдың 6 мамырында Ақмола атауы Астана болып өзгертілді. Астана қаласының қазақ елінің жаңа астанасы ретінде халықаралық таныстырылымы 1998 жылдың 10 маусымында өтті. Бүгінде Астана күні 6 шілдеде аталып өтіледі. Өйткені дәл осы күні Қазақстан республикасының Жоғары кеңесі астананы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешім қабылдаған болатын. Бұл күн қазіргі уақытта мемлекеттік мереке болып саналады.</span>
Мамандар техникалык куралдармен келушилерди таныстырды.
Сəлем Дана?
Сəлем Асыл
Асыл сен қандай үйірмеге қатысасын?
Мен би үйірмесіне қатысамын
Сендер қандай би үйренесіндер?
Біз əр түрлі билер үйрнеміз
Рахмен сау бол?
Сау бол
Білім береді (дает знание)
Үйретеді (учит)
Сауат ашады (учит грамотности (как-то так))
Ақылды (Умная)
Мәдениетті (Культурная).