Туған жері қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы.Алғашқыда ауыл молдасынан арабша хат таныған Ғабит жастайынан әуелі екі жылдық ауылдық орыс мектебін, кейін төрт жылдық жоғары басқыш орыс мектебін бітіріп, Қазан төңкерісінен кейін үстемдік алған Кеңес өкіметінің жұмысына әжептеуір орысша сауаты бар адам ретінде араласып, түрлі қызмет атқарады.Орыс мектебінде жүргенде орыстың атақты ақын жазушыларының шығармаларын оқып білуі, ауыл мектебінде өзін оқытқан әдебиетші мұғалім Бекет Өтетілеуовтың әсер ықпалы болашақ жазушының әдебиетке ерекше ықылас аударуына септігін тигізеді. Орынбордағырабфакта оқып жүргенде ол әдеби білімін, эстетикалық сезімін одан сайын жетілдіре түседі. Осы кезде өзінің тырнақалды туындысы «Тулаған толқында» повесін жазады. Содан былай қарай баспа орындарында, партия, кеңес мекемелерінде жауапты қызмет атқара жүріп, шығармашылық жұмысын толассыз дамыта береді. Соның нәтижесіндей болып, «Қос шалқар», «Көк үйдегі көршілер», «Шұғыла», «Талпақ танау» әңгімелері мен «Бір адым кейін, екі адым ілгері» повесі жыл аралатып барып, бірінен кейін бірі жарық көреді. Оның бұл шығармалары қазақ әдебиетіне жазу стилі қалыптасқан, көркемдік шеберлігі ерекше жаңа суреткердің келгенін жария еткен еді.Шығармашылық жолының бір белесін аналар туралы әңгімелер топтамасымен түйіндеген жазушы енді кең тынысты туынды жазуға кіріседі. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғын ала ол өзінің тұлғалы туындысы «Қазақ солдаты» романын жазады. Роман тың тақырыбымен, образдарының көркем бейнеленуімен, сюжет құру шеберлігімен, тартымды тамаша тілімен таңдаулы қазақ романдарының қатарына қосылады. Бұдан кейін ол араға біраз уақыт салып барып, өзінің ең ірі салалы да салиқалы шығармасы «Оянған өлке» романын жариялайды.Қазақ прозасының шоқтығы биік туындысы саналған осы романынан кейін жазушы қайтадан шағын жанрға ойысады. Сөйтіп әңгіме жанрында зергер суреткерлігімен танылған ізденімпаз жазушы, көркемдік шеберлігін барған сайын шыңдап, әр әңгіме, повесі сайын жаңа бір белеске көтеріліп отырады. 1968 жылы «Кездеспей кеткен бір бейне» кітабы үшін Абайатындағы республикалық сыйлық алады. Араға бес алты жыл салып барып, прозадағы соңғы елеулі туындыларының бірі «Ұлпан» повесін жариялайды.Сонау отызыншы жылдарда ақ үлкен драматург екенін танытып, «Қыз Жібек» операсының либреттосын, «Қозы Көрпеш Баян сұлу» пьесасын берген Ғ.Мүсірепов кейінгі жылдарда да бүкіл қазақ драматургиясының тамаша туындысы болып табылған «Амангелді», «Ақан сері Ақтоқты» пьесаларын жазады. Оның шығармаларының негізінде кинофильмдер түсіріледі.Ғабит Мүсірепов өзінің қоғамдық, публицистік, журналистік, сыншылдық қызметімен де туған халқының мәдениетінің дамуына зор еңбек сіңірді. Алайда қазақ халқы оны үлкен суреткер жазушы деп таниды, көркем сөздің хас шебері деп біледі, құрмет тұтады.Ол бірнеше мәрте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, бір рет КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты
Шайтанкөл таудың басында орналасқан.Көл Бұғылы деген таудың басында жатыр.Шайтанкөлді гранитті жартас пен қарағай орман қоршаған.
Сен "Алтынемел" туралы қайдан оқыдың?
Мен "Алтынемел" туралы газет-журналдан оқыдым.
"Алтынемел" саябағы қашан құрылған?
Ол 1996 жылы ашылған
Ол қайда орналасқан?
Ол Іле өзеннің солтүстігінде орналасқан
Саябақтың құрамына нелер кіреді?
Оның құрамына Үлкен Қалқан мен Кіші Қалқан таулары кіреді.
Оның көлемі қанша гектар?
Оның көлемі 460 мың гектар.
Қазақстанның Қызыл кітабына нелер кірген?
Қызыл кітабына 56-ға жуық жануар түрлері, балықтар, құстар бар.
Спорт-адамның ағзасына пайдалы жаттығулар.Спорттың түрлері көп:мысалы доп пен шұғылданатын футбол мен баскетбол, суда шұғылданатын жүзу, судағы поло, немесе қысқы спорт шаңғы мен коньки тебу, және қыздарға арналған гимнастика, атлетика, би бар.Әркім өзіне ұнайтын және дене пішіміне сай спортмен айналысады. Спортпен олимпиадаға қатысатын чемпиондар ғана емес қарапайым адамда жаттыға алады. Көбісі спортпен денсаулық сау және дене шымыр болуы үшін шұғылланады. Күнделікті қимыл-істе спортөа жатады.
"Менің ас бөлмем"
Менің ас бөлмем үлкен. Онда үлкен тоңазытқыш, ас үй жиһазы, орындықтарымен үстел, микротолқынды пеш және газ плитасы бар. Менің анам асты өте дәмді әзірлейтін болғандықтан, мен де ас әзірлеуге қызығушылық танытам. Пісірген торттарым мен бәліштерді отбасым тамсана жеп қояды. Тәтті тағамдарды дайындау кезінде анама көмектесемін, әсіресе жақсы көретін бауырсақтарды.