Леша, өкінішке орай, Алеша бос емес, бірақ сізге не қажет? Мен онымен бірге серуендеуге барғым келеді, ол жақсы жұмыс істейді, рахмет (P.S. прости что без знаков препинания )
Коп адамдар бар олар оте мактанады маган олар жакпайды менен досым бар ол оте мактаншак
Казахский надо учить))
Тема:"Тілім менің тірегім"
Қазақстан болашағы-қазақ тілінде. Тіл халықтың даналығы, танымы мен талғамын тауып айтатын шыншылдығын көрсететін, ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан баға жетпес қазынасы. Тіл туралы заң-адастырмас Темірқазық.
Тіл-қазына, мұра, күнделікті еңбек, тұрмыс, өмір сүру қаруы. XXI ғасыр табалдырығында тұрған осынау дүбірлі дүниеде өзіңді мойындатудың бір жолы бар. Ол тағылымды тарихыңды таныту, өрелі мәдениетіңді өрістету, озық ғылымыңды көрсету. Ұлтты ұлт ретінде ұстап тұратын төрт қазық бар. Олар тілі, діні, саны және салт-дәстүрі. Осы төрт қазықтың ең маңыздысы-тіл. Ұлы Ахмет Байтұрсынов «Сөзі жоғалған халықтың өзі жоғалады» деп көрегендікпен айтып кеткен.
Егемендік алып, елдік қасиет, дәстүр салтымызды дәріптеп жатқан қазіргі уақытта «Туған жер- тұғырың, туған тіл қыдырың» деген ұлағатты сөзді қай кездегіден де жиі айтатын болдық. Жерсіз ел болмайды, тілсіз халық болмайды. Тіл бізге ана сүтімізбен бірге сіңеді. Бұрын жас ұрпақ тәрбиесінің түп қазаығы аталар мен әжелер болатын. Жас ұрпаққа иманжүзділіктің ұрығы әженің әлдиі мен атаның өнегесі арқылы сіңеді. Ана тілі*-халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын мәңгілік біріктіретін ең сенімді құрал. Осы дүниедегі адамдар тілінен айырылып, сөйлеуден қалса, қандай қиын күйге түсер еді? Сондықтан тіліміз ана тілі атану үшін, күнделікті өмірде ұдайы қолданыста болуы тиіс.
Ал екінші бақытым- Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де
Қасиетті тілімнен түңілмедім, -деп Мұқағали атамыз жырлағандай ана тіліміз ешқашан ұмытылмайды. Тәуелсіздік тірегі-тіл. Демек, тіл мерейі үшін күрес-киелі күрес. Таудың кәусар бұлағы қандай таза болса, қазақтың тілі мен діні де сондай таза. Мен үшін ана тілім-Абайдың сөзі, Ақан серінің әні мен Құрманғазының күйі болып есептеледі. Тіліміздің өркендеуі үшін әр азамат үлес қосуы және ат салысуы тиіс.
Қорыта айтқанда, қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде шын мәнінде үстем жағдай иеленіп келе жатыр, оны ұлтына қарамастан біздің еліміздің барлық азаматтары меңгеретін болады деп сенімдеміз. Тек қазақ жастары ғана емес, еліміздегі барлық ұлт өкілдері мемлекеттік тілді меңгеріп, Қазақстан Республикасын дүние жүзіне танытса екен демекпіз. Бұл үшін бізге төзімділік, белсенділік іс-қимыл қажет.
Елдің ертеңіне кепілдік болар жас буынның бойына сіңіріп, ойына руханиялықтың дәнін дер кезінде егу біздің парызымыз. Еліңді тану үшін –тіліңді білу керек емес пе ағайын!
Туған жердің ауасы да шипа,
Туған жердің жуасы да тәтті.(дің-ілік септігі)
Нан— тамақтың атасы (тың-ілік септігі)
Ынтымақ — көптің батасы. (тің- ілік септігі)
Жетімге жеті бидай да тамақ ге барыс септігі (ге барыс септігі)
Аларманға алтау аз, Берерменге бесеу көп. (ға барыс септігі)
Жылқыны бөгелек, (ны табыс септігі)
Ешкіні кебенек аздырады (ні табыс септігі)
Қоршаған ортаны қорғау
Қоршаған ортаның табиғи жағдайын жақсарту, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, табиғи байлықтарды сақтау және көркейту негізінде табиғат пен қоғамның өзара үйлесімді әрекетін қамтамасыз етуге бағытталған мемлеккеттік және қоғамдық іс шаралар жүйесі. Қазақстан Республикасында “Қоршаған ортаны қорғау туралы” Заң 1997 жылы 5 тамызда қабылданған. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және басқадай қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсеріне жол бермеуге, биологиялық әр алуандылықты сақтауға және табиғатты оңтайлы пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған. Қазақстан Республикасының экология қауіпсіздігі туралы мемлекеттік тұжырымдамада (1997) қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделерін ескере отырып, Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалануды экологияландыруға көшу стратегиясы белгіленген. Қазақстан Республикасының осы стратегияны басшылыққа алып Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды Қазақстан Республикасының Конституциясына негіздеді және ол “Қоршаған ортаны қорғау туралы”, “Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы”, басқа да заңдар мен нормативтік құқықтар актілерінен тұрады. Кейде Қоршаған ортаны қорғау табиғатты қорғау ұғымымен баламалы түрде қолданылады. Бірақ Қоршаған ортаны қорғауға қарағанда табиғатты қорғау ұғымының шеңбері кеңірек; Табиғатты қорғау.