Менің қаламым
сенің қаламың
сіздің қаламыңыз
оның қаламы
Кішкене әрі отыршы. Ол менен бұрын келіп үлгеріпті. Мен былтырдан бері футбол үйірмесіне барып жүрмін. Жақсы оқу үшін сабаққа ынта мен ықылас қажет. Сен үшін мен кіммін? Біз бүгін шаруашылық жайлы сөйлестік. Сен арқылы бақылау жұмысынан бестік аламын. Түстен кейін мектепте олимпиада болады ма? Мұғалім бізге үнемі сабақтан соң бірден үйлеріңе қайтыңдар дейді. Асқардың айтуы бойынша, ол ауырып қалыпты. Жыл бойына сабақтар дұрыс өтпеді. Университетке дейін мен музыка мектебіне барғанмын.
Жете ме?
Жақты сөйлем — бастауышы мен баяндауышы қиыса байланысқан жай сөйлемнің бір түрі. Жақты сөйлемнің бастауышы болады немесе сөйлемнің мазмұнынан бастауышының қай сөз екенін табуға болады. Жақты сөйлем үшке бөлінеді: 1) арнаулы жақты сөйлем (“Мен оқиын. Сіз тыңдаңыз”); 2) ауыспалы (ортақ) жақты сөйлем (“Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра”); 3) бастауышы белгісіз жақты сөйлемнегізінен, 3-жақта айтылады. Бастауышы қай сөз екені сөйлемнің мазмұнынан аңғарылады. (“Біздің бала кезімізде отты шақпақ таспен тұтататын еді”).
Жақсыз сөйлем — сөйлемдегі айтылар ой бастауыштан басқа сөйлем мүшелері арқылы берілетін жай сөйлемнің түрі. Жақсыз сөйлемнің бастауышы болмайды, оның жоқ екені сол сөйлемнің баяндауышынан білінеді. Мысалы, “Қазилаға Сәкенмен бірге жүруге тура келді”. Жақсыз сөйлемнің баяндауышы бірнеше жолмен:Барыс жалғаулы тұйық етістіктен кейін “бол”, “тура кел” деген көмекші сөздердің келуі арқылы (“Бұдан бірдемелерді ойлап шығаруға болады”);“-Ғы, -гі”, “-қы, -кі” жұрнақты қалау рай арқылы (“Оның ештеңеге қарағысы келмейді”);Атау я барыс септік жалғаулы тұйық етістікке, “керек”, “қажет” сөздері тіркесу арқылы (“Енді бізге ауылдағы адамдардың көңіл күйін білу керек”);Тәуелдік жалғаулы тұйық етістікке “мүмкін”, “тиіс” сөздері тіркесу арқылы (“Біздің баруымыз керек”);Иұрақты сөз тіркестерінен (“Оның ішек-сілесі қатты”. “Мұртын балта кеспейді”) жасалады.
алуан түрлі, әр түрлі
зат мүлік нәрсе дүние бұйым жиһаз жасау
әшекей өрнек ою

Таңды таңғажайып оқиғамен қарсы алдық. Қар жауыпты. Алғашқы қар. Айнала аппақ. Қиқуын салып қараша қаздар ұшып кеткенен бері күтіп жүргенбіз.Адамзат баласының жаздың аптап ыстығы мен дауылды желдерінде, күздің желді салқыны мен суық жаңбырында аппақ қарлы қысты сағынатыны да рас. Жылдың төрт мезгілінің жарасымды байланысын қыс жалғайтынын алғашқы қар жеткізді.Қармен бірге қыстың алғашқы сәлемі де есігімізді ашқандай. Қыс, әдетте, тазалықтың, денсаулықтың, сергектіктің белгісі сияқты болып елестейді.Үлкендерден гөрі шана сүйреген балалар аңсайтын қыстың келіп қалғаны ма?Түс ауа күзгі аспан түнеріп, қара жауын үздік – үздік боп себелеп, қараша келмей тұрып жауған қарды жер бетінен жоқ етті. Алғашқы қар бір есептеп бізге « Кәрі құдаң қыс келеді, дайын бол, малыңды байла, жем-шөбіңді сайла» деп ескерткендей ме қалай?Қалай болғанда да биыл алғашқы қар 21 қазан күні жауды.Қуандық, тандандық. Қардың келесі жаууын күтудеміз.