Ответ:
Театр туралы диалог.
Асылай: Демалыс күндерің қалай өтті? Ауылдағы ата – әжем келеді деп едің, келді ме?
Айжұлдыз: Иә, атам мен әжем келіп, бір марқайып қалдық. Демалыс күндерімізді отбасымызбен қызықты, әрі пайдалы өткіздік.
Асылай: Бір жаққа қыдырып бардыңдар ма?
Айжұлдыз: Иә, дәл қазір қаламызда Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры гастрольмен келген екен. Аталмыш театр репертуарынан Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» атты мюзиклына отбасымызбен баруды үйғардық.
Асылай: Театр деген жанға демалыс қой... Қойылым қалай болды?
Айжұлдыз: Керемет болды. Барлығымызда ұмытылмас әсер алдық. Бұл қойылым - театр сахнасындағы шоқтығы биік туындылардың бірі. Вальс королі әйгілі Шәмші рухына бағышталған бұл туынды сазгердің тағдырын бейнелейді. Ән махаббаты мен Шәмші тағдырын тоқайластырған Исраил Сапарбайдың Сыған серенадасы атты поэтикалық драмасы сахнада осы тұрғыда сыр шертті. Спектакль әйгілі композитордың әндерінің сүйемелдеуімен өтті.
Асылай: Театр қаламызда әлі ұзақ болады ма екен, білмейсің бе?
Айжұлдыз: Ол жағын білмедім, бірақ үлгерсең, міндетті түрде барып, өз көзіңмен тамашалауға кеңес беремін.
Асылай: Онда театр телефонын тауып, звондап көрейін.