Сабақта сұраймын, сабақта сұрайсың, сабақта сұрайды.
Сұраққа жауап беремін, сұраққа жауап бересің, сұраққа жауап береді.
Тапсырманы орындаймын, тапсырманы орындайсың, тапсырманы орындайды.
осылый болады ғой дейм
1934 – 50 жылы биязы жүнді жаңакавказдық типтегі рамбулье және прекос саулықтарын жабайы арқармен қолдан ұрықтандыру нәтижесінде алынды. Дүниежүзілік қой шаруашылығында алғаш рет түраралық будандастыру тәсілімен алынған бұл қой тұқымы биік тау жайылымдарын кеңінен игеріп, өзіндік құны төмен бағалы ет, сапалы жүн өндіруге мол мүмкіндік берді. Кейінірек жүн сапасын одан әрі жақсарту мақсатында асыл тұқымды малдардың бір бөлігіне кіріспе будандастыру жолымен австралия мериностарының қаны құйылды. Осы тұқымды шығарғаны үшін бір топ ғалымдарға (Н.С. Бутарин, Ә.Есенжолов, А.Ы. Жандеркин, Е.В. Большакова, т.б.) КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді (1950).
Қошқарлар мен саулықтардың тірідей салмақтары 90 – 110 кг және 55 – 65 кг, таза жүн түсімі 5,0 – 6,0 кг және 2,5 – 3,0 кг-ға жетеді. Жүнінің жіңішкелігі қошқарларында 60 – 64, саулықтарында – 64 – 70 сапалы, ұзындығы 8,0 – 10 см. 100 саулықтан 120 – 130 қозы алынады.
Бұл тұқым Алматы облысы Райымбек ауданындағы асыл тұқымды “Ұзынбұлақ” ш-нда өсіріледі. Бұл шаруашылықта осы қой тұқымын өсіріп бағуда Социалистік Еңбек Ері атағына ие болған шопандар: Б.Жақсылықов (1958), Ы.Абдығұлов (1960), Ж.Молдасанов (1973).
Республикада тұқымның 300 – 400 мың басы бар (2002). Мал тұқымын асылдандыру жұмыстарын 1991 жылға дейін Қазақстан Республика Білім және ғылым министрлігінің Эксперименттік биология ғылыми-зертханалық институты, ал қазір Қазақ қой шаруашылығы технологиялық ғылыми-зерттеу институты жүргізеді.<span>[1]</span>
1. ынгайлас салалас. шылауы: жане, арi, да, де, та, те. Мысал: биыл жайлауда болдым жане ауылдагы агаларымнын уйiне бардым.
2. карсылыкты салалас. шылауы: бiрак, дегенмен, сонда да, сойтсе де, айтсе де, алайда. Мысал: онын даусы жаксы, бiрак, ан айтуды жактырмайды.
3. себеп саладар. шылауы: ойткенi, себебi, сондыктан, сол ушiн. мысал: биыл шоп калын шыкты, ойткeнi жанбыр коп жауды.
4. Кезектес. Шылауы: бiрде, бipесе, кейде. Мысал: олар бiресе токтап демалады, бiресе кун узак журiп алады.
5. талгаулык. шыдай: не, немесе, алде, я, яки, айтпесе, не(я) болмаса. Мысал : ертерек уйге дерiгер шакыру керек немесе ауруханага бару керек.
6. тусiндiрмелi. Шылау: жалгаулыгы жок. Мысал: корыкканы сонша - орнынан тура алмай калды
Дауыссыз дыбыстыдардын емлеси бойынша, б,г,в ариптерине орыс тилден енген создер Гана аякталады. Клуб,округ
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.
Қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері педагог- ғалымдар С. Қалиев, М.Смайылова, М.Оразаев, С. Ұзақбаева, К. Қожахметова, Ж.Б. Қоянбаевтардың еңбектерінде жан-жақты сөз болған.
Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы сол халық отбасы тәрбиесінің де өзіне ғана тән мәдени құндылықтары қалыптасады.
Қазақ отбасы тәрбиесінің өзіне тән ерекшеліктері оның халықтық педагогика мұраларының мазмұны мен түрлерінде бейнеленген. Көне заманнан-ақ қазақ халқында жазбаша педагогикалық еңбек жазып қалдырмаса да білгір педагогтар, тәрбиешілер, ұстаздар болған. Олар өз көзқарастары мен әрекеттерінде белгілі бір дәстүрлі дүниетанымды ұстанып, халықтың мұраттары мен арман тілектеріне сүйеніп отырған.
Қазақ отбасында дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, құқықтық, сұлулық тәрбиелері жүргізілген. Қазақ отбасында аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудың мақсаты жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу болды.Отбасындағы дене тәрбиесінің мақсаты бала денесін дамыту, денсаулығын нығайту, ағзасын шынықтыру және күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу болды.