Синонімдер
1.сұлу,әдемі, көрікті , келбетті, әсем, ажарлы,
,2.үлкен, дәу, еңгезердей,
3атақты, белгілі.
4.адам, кісі.
5.мазар, кесене мола, бейіт.
6.білімді, оқымысты, сауатты
7.Отан, Атамекен, туған жер.
8.сауығу, жазылу.
9.құрметті, ардақты қадірлі.
антонимдер.
1.алыс--жақын.
2.ауыр--жеңіл
3.ыстық--суық
4.арзан--қымбат
5.ескі--жаңа
6.ашық--жабық
7.қалың--жұқа
8.үлкен--кіші
9.ақ--қара
10жақсы --жаман
Туған жердің көгілдір аспаны менің кеудем секілді. Мен сол туған аспаным мен тыныстаймын. Мен туған жердің жарық күнімен алысқа қараймын. Туған ел – бұл кішкентай үйдің табалдырығынан басталады. Содан шексіз, шексіз қияға өрлеп кете барады. Оның жұпар атқан жусаны, оның кеудеңе құйылған мөлдір ауасы, жотаға өрлеген жалғыз аяқ жолдары – осының бәрі-бәрі менің туған елімді, жерімді құрайды.<span>Туған жерсіз адамның күні жоқ. Алыс кетсең өз үйіңнің мұржасына дейін сағынасың. Туған елім түсіме енеді. Ол алыстан қол бұлғап шақырады. Туған ел мағынасы мұхиттың тереңінде жатыр. Балғын балалық шақ! Кемеріне жайлап соққан көгілдір көл, күннің қызғылт шапағатына бөленген үйлер – осының бәрі тұтас тұрған туған ел!!!
Ал енді ананың бесікте жатқанда айтқан әлдиі, әженің тымылжыта төккен тамаша ертегілері, туғандарыңның мейірбанды күлкілері, жеңгелердің тәтті әзілдері осының барлығы туған еліңнің керемет сипаттары. Туған елдің тілі барша жанға түсінікті. Туған ел, туған жер ол дүниенің тәтті ғана бір ортасы деп есептеймін.
Достар егер біз «Туған жер» деген ұғымды түсінетін болсақ, туған жерімізге аянбай еңбек сіңіруіміз керек.
Әуелгі Отан – ана алды, оттың басы,
Ауыл алды, аунаған шөптің қасы.
Сағынғанда тым ыстық көрінеді,
Жаста ойнаған үйшік қып сайдың тасы.
</span>
Ұлкендерге көмек беру керек. Біз бүгін шығарма жазамыз . Ол маған жан құрбымдай. Бұны емдеп жазу керек . Босқа армандама.