Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.
Ағаштың сабағын сындыруға болмайды
Жəндіктерді өлтірүге болмайды
Суды ластауға болмайды
Кез келген жерге қоқыс тастауға болмайды
Табиғатты ластауға болмайды <
Орманда өрт жандыруға болмайды
Нельзя ломать ветки деревьев
Нельзя убивать насекомых
Нельзя мусорить воду
Нельзя выбрасывать мусор куда попало
Нельзя мусорить природу
Нельзя разводить костер в лесу
Бұл ребустің шешуі СЕНБІЛІКТЕ осыған енді шағын мəтін құрайсың
маған ұнайтын пән
Мектеп қабырғасында оқып жүрген әр оқушының өзіне ұнайтын пән болады. Қандай пәнді алып қарасақ та, оның маңызы зор. Маған ерекше ұнайтын пән - география пәні. Геграфия сабағы барысында өз ойымды еркін жеткізіп отырамын. Бұл пәнді оқи отырып, әлемнің түрлі елдерін біліп, олардың экономикасы мен халқының жағдайын толық меңгеріп шығуға болады. Мен ылғи география пәнін назардан тыс қалдырмай оқимын. Үйге берілген тапсырмаларды және картамен жұмысты ерекше ынта-жігермен орындаймын. Болашақта осы пәнмен байланысы бар маман иесі болсам деймін.