Бастауяш:сәкен сақа асық айтбек ол
Тиің жанғакпен көріктінеді.
Доп, шортан, барыс, вагон, гүл,ғарыш, жол, тал, электр, нан.
Қажымұқан Мұңайтпасұлы (7 сәуір 1871 ж., Ақмола облысы Қараөткел ауылы, — 12 тамыз 1948 ж., Ленин туы колхозы, Оңтүстік Қазақстан облысы) — қазақтың атақты палуаны және и цирк артисі. Кәсіпқойлар арасындағы классикалық күрес бойынша әлем чемпионаттарында бірнеше дүркін (1908, 1909, 1911, 1913 және 1914 жылдары) жеңіске жетті. Француз күресі бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алған ең алғашқы қазақ; классикалық күрес бойынша ауыр салмақ палуандары арасында әлемдік, ресейлік, аймақтық, одан кейін одақтық чемпионаттарда бірнеше рет жеңіске жеткен. Елуге жуық наградалар мен медальдардың иегері.Қажымұқан, өз батырларымен аты шыққан, Қыпшақтың Алтыбас руынан шыққан. Қажымұқанның шығу тегі: қыпшақ Тоқтарбай, одан кейін Қобыланды, Тірлікбай, Ойбас, Ұзын, Алтыбас, Қарыс, Жоламан, Санбай, Шадибатыр (Абылайхан дәуірінде өмір сүрген), одан кейін Қажымұқан атасы Ернақ, әкесі Мұңайтпас және Қажымұқанның өзі. Қажымұқанның нағашы атасы Лек палуан ағаштарды тамырымен жұлып алуға шамасы жететін күші туралы аңыздар бар.<span>Қажымұқан 1871 жылдың 7 сәуірінде (паспорт мәліметі бойынша) қазіргі Ақмола облысының Қараөткел ауылында дүниеге келген, дегенмен Қажымұқанның қай жылы және қай жерде дүниеге келуіне байланысты мәселелер бойынша басқа да пікірлер бар (Дүниеге келген жері ОҚО, Отырар ауданы, туған жылы 1883). Оның әкесі Ернақұлы Мұңайтпас қарапайым, бірақ өте күшті адам болған, палуандар күрестерінде көптеген жеңістерге жеткен, сондықтан «жуанаяқ палуан» деген атқа ие болған. Қажымұқанның атасы Ернақ та ерекше күштің иесі болған дейді және ол немересіне қазақша күрестің ережелерін үйреткен.</span>
*Байқоңыр* - Қызылорда облысы
Қармақшы ауданының
аумағында орналасқан ғарыш алаңы. Іргесі 1955
ж. қаланған.[1]
Ғарыш алаңын
салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескерілді. Байқоңырдың басты және көмекші объектілері мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан, олар бір-бірімен автомобиль жолдары және теміржол аркылы байланысқан. Байқоңырдың негізгі объектілеріне: техникалық тұғырлар, старттық кешендер мен ұшу трассасының бойындағы өлшеу бекеттері (олардың әрқайсысы жалпы техника және арнаулы технология кұрал-жабдықтары бар ірі құрылыстар), ғарыш алаңына әр түрлі жүктерді жеткізетін кірме жолдар, т.б.; көмекші және қызмет көрсету объектілеріне: отын (жанармай) сақтайтын алаң, сұйық оттегі мен азот өндіретін заттар, энергия және сумен қамтамасыз ететін жүйелер, байланыс жүйесі, телевизия, т.б. жатады. Байқоңырда ракета тасығыштың (РТ) әрбір түріне сәйкес бір не бірнеше техникалық тұғырлар және олардың әрқайсысына арналып бір не бірнеше старттық кешендер салынған.A.