Ер туған жеріне, ит тойған жеріне. Человека тянет туда, где он родился, собаку тянет туда, где она наелась.
Гүл өз жерiнде ғана – гүл, адам өз отанында ғана - адам Цветок лишь на своей поляне – цветок, человек лишь на родине – человек
Өзіңнің ғажайып Отаныңды ұмытпа, өз туған жеріңе ешқашан соқпай өтпе Свою Родину прекрасную никогда не забывай, места, где ты родился, никогда не обходи.
Отаныңның әр ағашы күлімдеп тұрады. На своей родине каждое дерево улыбается
Тамырсыз жусан да өспейді Без корня и полынь не растёт
Құртақандай торғай да, Өз ұясын қорғайды. Маленький воробей и тот свое гнездо оберегает
Үйде оңбаған, Түзде де оңбайды. Если не нашел счастье дома, не обретешь и на чужбине.
Отанды сүю – от басынан басталады Любовь к Родине у семейного очага зарождается.
Ауыл итінің қүйрығы қайқы. В своем ауле и собака хвост трубой держит.
Отанға опасыздық еткенің, Өз түбіңе өзің жеткенің. Родину предать – себя заживо схоронить.
Мен анамның ата-анасына туған қызыңын баласы болғандықтан туыстық атау жиен болып келемін.
Туған ағам үйленсе, маған жеңге болады.
Туған апамның куйеуі маған жезде болады.
Отбасыдан асқан бақыт бар ма?
Əр адам өз отбасына адал болуы қажет пе? Адам отбасы үшін өзін құрбан етуі мүмкін бе?
Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. Қандай да бір қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, досыңның ақылын тыңдап, шешім таба аласың. Менің ойымша, басқаға жақсы да адал дос болу үшін, ең алдымен, түсінік, адамды тыңдай білу, ақыл бере білу қабілеті жоғары болуы тиіс. Достық адамдардың ең алдымен бір-біріне сенуінен басталады. Ол артқан сайын, достық та қатая түседі. Ал бір-біріне сенімі жоқ, дегенмен өздерін дос санайтындар да бар, ол жалған достық – бірде бар, бірде жоқ. «Достық» туралы нақты ой айтқан философ А.Шопенгауэр өзінің «Өмірлік данышпандықтың афоризмдері» деген еңбегінде: «Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді. Бұл дегеніміз – досыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу деген сөз. Осының бәрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды» деген. Күнделікті өмірде көңіліңе шапағат сәулесін шашып, сенің төрт құбылаңды тең ететін айналаңдағы достарыңның басы бұзылмағаны қандай жақсы.
Оған ауру атаулары жырткыштын атауларын атамаған себебі аң шабады ару боламыз деген ырыммен аитпаған