Мен досыма( кімге?) туған күніне кітап сыйладым. Саша дәптерге( неге?) берілген тапсыраманы жазды. Мен шешеме ( кімге?) гүл сыйладым. Баланың ( кімнің?) қолында доп бар. Сен жолдасыңның ( кімнің?) сызғышын өзіне неге алдың? Мысықтың (ненің?) жүні жұмсақ.
Отан өз батырларымен бай. Отанның қорғаушыларынсыз, мемлекет жоқ. Батылдық, Отан сүйгіштік, достық - нағыз батырдың қасиеттері. Батырлар болып дүниеге келмейді, батыр болып қалыптасады. Кішкентай балаға балалық шақтан отаншылдыққа, құрметке тәрбиелеу керек. Атамекен үшін ата-аналарға нағыз жігітті тәрбиелеу керек! Халықта дана мақал-мәтелдер бар: "Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі", "Ер барда - ел қор болмас" және тағы басқалар. Менің пікірімше, ең басты, ең негізгі батырдың қасиеті - бұл отаншылдық. Отаншылдық - бұл туған жерге, өз халқына, ұлтқа деген сүйіспеншілік. Мен бір билеуші туралы аңызды естідім. Бұл аңызда, кейіпкерге ауыр таңдауын жасау керек еді. Оның Отанына жау бас салады. Дұшпан қатігез болды және оның әкесін тұтқынға алады. Дұшпан талапты ұсынды: немесе ол жауға билікті береді, немесе ол әкесінен айырылады. Кейіпкер ұзақ ойлады... Егер ол билікті берсе, жау оның халқын құлдарға айналдыратынын, ол білді,. Ол өз халқын сақтап қалуды шешті. Иә, бұл - аңыз. Бірақ ол бізді біртұтас халық болуды үйретеді, және ештеңе, ешкімді жасқанып қажеті жоқ. Біздің уақытымыздың батырлары - дәрігерлер, мұғалімдер, құтқарушылар. Дәрігерлер және құтқарушылар күнбе-күн көп өмірлерді сақтап қалады. Мұғалімдер балаларды оқытады, тәрбиелейді. Міне, біздің батырларымыз! Біздің әжелеріміз, аталарымыз - қаһармандар! Біз оларға ашық аспан мен зор денсаулық тілейміз. Олар соғысты, еңбектенді! Біздің ұрпақ осы адамдарға ұқсауы керек... Және, әрине, әр адамның ең басты, ең сүйікті батыры - бұл анасы. Ол өмірді сыйлады. Ең бастысы - өзі үшін өмір сүру емес, Туған Жер үшін өмір сүру.
Источник: https://www.zharar.com/kz/shygarma/1748-batyr.html
© www.ZHARAR.com
Ырас-рас , Сарарқа - Сарыарқа, грам - грам
Қызыл қасқыр
1-категория. Қазақстан территориясынан жойылып кетуі де ықтимал. Себебі аты аңызға айналған бұл жыртқышты 40 жылдан бері ол мекендеген жерлерден (Тянь-Шань мен Алтай таулары) кездескені жайында анық деректер жоқ. Қызыл қасқырды Қазақстандағы хайуанаттар бағында қолдан өсіруді қолға алып, оны бұрынғы мекендеген жерлерге қайта жіберудің жолдарын қарастыру керек.
Тянь-Шань қоңыр аюы
3-категория. Тянь-Шань тауы мен Жоңғар Алатауында мекендейді. Ол жерлерде тиісінше 200 және 300-дей аю тіршілік етеді. Бұл аңға тиетін негізгі қауіп – адамның тікелей аулауы және таулы аудандарды игеру барысында оны мекендейтін жерлерінен ығыстыру.
Жоңғар Алатауында қорық ұйымдастырып, ал Алматы мен Ақсу-Жабағылы қорықтарында аюды қорғауды күшейту керек.
Орта азия тас сусары
3-категория. Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы мен Алтайда тараған. Қасақылық әсерінен саны біртіндеп кемуде. Тас сусарды қорғау үшін көпшілік халық, әсіресе аңшылар, арасында кең көлемде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу керек.
Орман сусары
3-категория. Қазақстанда тек Жайық өзенінің жайылмаларындағы ормандарда мекендейді. Соңғы жылдары Солтүстік Қазақстанның ормандарында бірнеше рет кездескені белгілі. Бұл жерлерге ол Россияның шекаралас аудандарынан өтіп келген. Санын шектеудің негізгі факторлары – қасақылық және азық қорының азаюы. Кирсанов қорықшасында қорғауды күшейтіп, азық қоры аз болған жыддары сусарды қыс айларында үстеме қоректендіруді ұйымдастыру керек.
Европа қара күзені
1-категория. Ертеде Жайық өзенінің алқабы мен Еділдің атырауында мекендеген. Бәсекесі америка су күзенін жерсіндіргеннен кейін қара күзен бұл жерлерде кездеспейтін болды. Қазақстанда оның толық жойылып кетуі де мүмкін. Европа қара күзенін қолда өсірудің шараларын дайындауды қолға алып, оны бұрынғы мекендеген ортасына қайта жіберіп, сол жерлердегі америка су күзенін жоспарлы түрде аулау шараларын қарастырудың мезгілі жеткен сияқты.
Шұбар күзен
3-категория. Қазақстанның шөл және шөлейтті аудандарында кеңтараған, бірақ барлық жерлерде саны өте аз. Кейбір құрғақшылық жылдары саны күрт өзгеріске ұшырап, мүлдем азайып кетеді. Шөлді аймақта Бетпақдала, Балқаш өңірі, Қызылқұм қорықтарын ұйымдастыру, сонымен қатар сирек кездесетін жануарларды қорғау үшін бірнеше зоологиялық қорықшалар құру керек.
Анашым туылған күнініщ құтты болсын!!!Ешқашан ауырмай,денсаулығыныз мықты болсын.Бақытты болыныз.Жолыныз ашық болсын.Жұлдызыныз жарык,аспаныныз ашык болсын.Армандарыныз орындала берсін.Мен сізді қатты сүйем!!❤❤❤