Шаршы топ алдында сөз бастау, сөйлеу әрине оңай емес. Мен алдымен тіл туралы сіздерге өз ойымды айтқым келеді. Дене мүшелерінде ең жеңіл қозғалатын тіл. Сондай ақ адам мүшелерінің ішінде ең пайдалысы да, ең залалдысы да тіл. Әсем сөзбен арадағы дұшпандықты жоя аласың, асыра сөйлеп, жан досыңнан айрылуыңда мүмкін. міне тіл арқылы жеткізетін сөздің құдіреті. Мен бүгін сол тілдің жақсы сөйлегендегі құдіреті туралы айтпақпын. Мысалы: дәрігер науқас адаммен алдына келгенде оның дертіне шипа табылатынын, оған оның сенуі керек екенін, жылы және қарапайым түсінікті сөзбен жеткізсе, науқас түзеле бастайды, ал, түбінде ауруыңыздың емі жоқ, бара беріңіз десе науқас дерттен емес құсадан қайтыс болар еді. Жас ұрпақты тәрбиелеуде де, егер балаға күнделікті жылы сөйлеп, сыйластық танытсаң, бала ұстамды, түсінігі бар болып өседі, ал күнде сен адам болмайсың деп айқайлап отырсаң, ол сәбиден жақсы адам шығуы екі талай. Міне, тілдің құдіреті, тілдің адам сезіміне әсер етуші құрал екендігінің дәлелі. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет.
Мен үшін сүйіспеншілік адамдардың бір-бірін деген сезімі. Мен сүйіспеншілікті жақсы қасиетке жатады деп ойлаймын. Сүйіспеншілік адамға ғана емес, Отанға, ата-анаға да пайда болатын сезім. Сүйспеншілік "құрметтеу" деген мағынаны береді.