Көрсет-у-ге (-ге - барыс септігі). Оқ-у-дан (-дан - шығыс септігі). Сыйла-у-ды (-ды - табыс септігі). Құрметте-у-де (-де - жатыс септігі).
-Анашым, бүгім сауда орталығына барайықшы, өтінем!
-Жарайды, сені сонда апарамын, бар да киін
-Алақай, маған киімдер алып бересіз бе?
-Әрине, тезірек киін, қазір шығамыз
Сауда орталығына келген соң:
-Мәссаған, бұнда бутиктер өте көп қой, адасып қалмаймыз ба?
-Қайдағыны айтпашы, тез мында кір, саған киім қарайық
-Анашым, қараңызшы, мына көйлекті алайыншы, өтінем!
-Жақсы, қанша тұрады?Болды, жүр,ақшасын төледім, кеттік
-Жарайды
Сәлем!
Сәлем!
Сен қай жерге бара жатырсың?
Мен кітапxанаға бара жатырмын
Кітапxанаға не үшін бара жатырсың?
Кітапxанаға кітап оқу үшін барамын
Ал онда интернет бар ма?
Иә кітапxанада интернет бар. Олар компьютер және интернет арқылы сен алған кітаптің атын біледі
Өте керемет екен. Менің ойымша барлық жерде интернет керек сияқты.
Иә дұрыс айтасын.
Жарайды мен кеттім
Сау бол
Сау бол
1)қазақстанның музыка өнері қандай?
2)жастар тəрбиесіне қандай күйші-сазгерлер əсер етті?
3)ұлттық музыкамен қалай танысуымыз керек?
Мен - мен едім, мен едім! Мен Нарында жүргенде Еңіреген ер едім. Исатайдың барында Екі тарлан бөрі едім. Қай қазақтан кем едім? Бір қазақпен тең едім. Өздеріңдей хандардың, Қарны жуан билердің Атандай даусын ақыртып, Лауазымын көкке шаңыртып, Сұлтанын суға сұлатып, Ханшасын қақпа алдында жылатып, Ернін еттей тесісіп, Кеңірдегін кесісіп, Жыраға басын түсіріп, Жылғадан қанын ағызып, Басын кессем деп едім! Еділдің бойы ен тоғай - Ел қондырсам деп едім. Жағалай жатқан сол елге Мал толтырсам деп едім. Еңсесі биік ақ орда - Еріксіз кірсем деп едім. Керегесін кескілеп, Отын етсем деп едім. Туырлығын тескілеп, Тоқым етсем деп едім. Тақта отырған хандардың Төрде отырған ханымын Қатын етсем деп едім. Әлдилеген баласын Жетім етсем деп едім. Хан сусыны сары бал - Сұраусыз ішсем деп едім. Ханның киген кіреуке - Үстіме кисем деп едім. Қанікейдей көріктіңді Қалыңсыз құшсам деп едім. Тінікейдей тектіңді, Ителгі көзін төңкертіп, Күшіктей даусын қыңсытып, Аш күзендей белін бүгілтіп, Әділ жаннан түңілтіп, Ат көтіне үңілтіп, Артыма салсам деп едім. Тілекті құдай бермеді - Өздеріңдей хандарды Осылай бір қылсам деп едім! Мен - мен едім, мен едім! Мен Нарында жүргенде Еңіреген ер едім. Исатайдың барында Екі тарлан бөрі едім. Ерегіскен дұшпанға Қызыл сырлы жебе едім. Жақсыларға еп едім, Жамандарға көп едім. Ерегіскен дұшпанның Екіталай болғанда Азыққа етін жеп едім. Хан баласы ақсүйек - Ежелден табан аңдысқан Ата дұшпан сен едің, Ата жауың мен едім. Ежелгі дұшпан ел болмас, Етектен кесіп жең болмас! Хан баласы ақсүйек - Байеке сұлтан сен болып, Сендей нарқоспақтың баласы, Маған оңаша жерде жолықсаң, Қайраңнан алған шабақтай Қия бір соғып ас етсем, Тамағыма қылқаның кетер демес ем