«Ырыс алды – ынтымақ» деген қағиданы басты назарда ұстаған қазақ халқы ел арасындағы ынтымақ-бірлікті, татулықты ерекше бағалаған. «Ынтымақты ел озады, ынтымақсыз ел тозады» деп, әлеумет арасында бірліктің сақталуына басымдық берген. Сондықтан қоғамдағы ынтымақты күшейтетін іс-шараларға қатты көңіл бөлген. Бір-бірінің жетпей жатқан жерлерін жалғап, қолынан келгенше жәрдем көрсетуге тырысқан. Сөйтіп, ұлы Абайдың «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деген ұлағатын іс жүзіне асырған. Қазақ қоғамындағы ынтымақтың көрінісін біз жәрдем шараларында көреміз. Енді соларға тоқталып өтейік. Олардың кейбірі қазіргі күнге дейін сақталған.<span>Мысалы, бұрынғы қазақ даласында жұртшылық деген әдет-ғұрып кеңінен тараған. Онда қарызға, шығынға батқан, одан шығатын жағдайы болмаған жақын-жұрағатқа ағайындары, ауылдастары көмектесетін. Бұл жәрдем ағайындардың мәслихат-кеңесінен кейін жасалады. Жұртшылық салты Алаш жұртының ауызбірлігінің, бір-біріне жанашырлығының айқын дәлелі.</span>
У моего папы характер добрый,иногда злой.у маей мамы характер такой когда я грусная она пытается развесилить а если у тебя есть брат или систра напиши что они тебя поддерживают.
Уақыт алтыннан да қымбат
Адам өмірінде өлшеусіз қымбат байлық бар болса, ол уақыт. Уақыт тас екеш тасты да тоздырады. Уақыт алтыннан да қымбат. Уақыт барлығына емші дейтін нақыл сөздер бекер айтылмаса керек. Және де уақыт ең жақсы оқытушы, өкінішке орай ол оқушыларын өлтіреді. Бұл сөздің астарына мән беріп қарайтын болсақ, бұл әр адамның өз уақыты бар деген сөз.
"Уақытым жоқ" бұл қазіргі қоғамның көрінісі. Заман талабына сай еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін осы сөзбен өмір сүріп келеді. Осы себепті уақытты тиімді пайдалана білу керек.
Сондықтан да уақытты саналы сезініп, өмір сүріңіз. Маңызды жүмыстар үшін уақыт табыңыз.